Қазақша

"АЛСЕКО" АҚ - тұтынушылардың коммуналдық қызметке төлемі туралы ақпаратты өңдеу, программалық қамтамасыз етуді жасап шығару және коммуналдық қызмет тұтыну есебі мен бақылауды автоматтандыру саласында маманданған компания. Осы замандағы әлемде бизнесті басқару дегеніміз, ең алдымен, ақпаратты басқару. Біз осы міндетті кешенді шешуді ұсынуға әзірміз!

Біздің телефондарымыз:
378-08-00
378-07-99
Табу

Басты » Компания туралы

Компания Туралы


1998 жылдың басында "Tractebel" (Бельгия)" компаниясы тобы АПК" ЖАҚ ("Алматы Пауэр Консолидейтед" ЖАҚ) "АЛСЕКО" ЖАҚ-ын - тұтынушылардың коммуналдық қызмет үшін төлемдері туралы ақпаратты өңдеу саласында маманданған және осы салада программалық қамтамасыз етуды жасайтын компания құрды. 2005 жылдың 26 сәуірінен бастап АЛСЕКО компаниясы мәртебесін Акционерлік қоғам болып өзгертті (АҚ).

Компанияның жұмыс сапасын ең заманауи технологияны тиімді пайдаланатын талантты, біліктілігі жоғары мамандар қамтамасыз етеді. Біздің ұжымымыздың негізін құрайтын жетекші мамандар бірнеше жыл бойы бірге жұмыс істеуде. Компанияда дос пейілді, еркін, сонымен қатар жұмыскер ауан тұнған.
Жұмыс өте айқын және сенімді стильде құрылады, сондықтан іс жүзінде жобаны атқару кезінде әрбір қадамды Клиент өкілі оңай бақылай алады.
 
Біздің бағалы тәжірибеміз, іс-тәжірибелік дағдыларымыз және коммуналдық қызмет ұсынатын кәсіпорынды автоматтандыру жағынан мәнді саланы жақсы білгеніміз бар. Бір саптағы қатарымыз нәтижеге деген жауапкершілік сезімінің жоғарылығымен ерекшеленеді. Серіктеріміз бен клиенттеріміз ұжымымыздың кез келген проблеманы үнемі ықтият-ықыласпен, кәсіби қарап, оны шешу жолдарын ұсынатынан растай алады.
 
Компания кешенді ИT - әр түрлі іс-қызметтегі кәсіпорындардың корпоративті инфрақұрылымы қауіпсіздігін жобалау, енгізу, қолдау, дамыту және қамтамасыз ету жөнінде қызмет ұсынады.
Біз ұсынатын программалық-техникалық кешен құрамына серверлік и кластерлік шешімдер, мәліметтерді сақтау жүйелері, графикалық стансалар, кеңселік дербес компьютерлер кіреді.
 Жаңа бағыттардың дамуы, рыноктің әр түрлі салаларын мұқият зерттеу, қызметкерлерді оқытуға инвестициялар арқасында Тапсырыс берушілерімізге нағыз осы заманғы және технологиялық шешімдерді қашанда ұсынуға даярмыз. Сонымен бірге Тапсырыс берушінің жеке талаптары мен іс жүзіндегі мүмкіндіктеріне бейімделіп, алда тұрған міндеттерді шешуге кешенді түрде келеміз, бұл байыпты баға бойынша оңтайлы нәтижеге жетуге жол ашады.
Пайдаланушыларды оқыту мен жоғары біліктілік - программалық қамтамасыз етумен тиімді жұмыс істеуге қажетті шарт. Біздің мамандарымыз тұрақты негізде және клиенттердің өтінімдері бойынша тапсырыс беруші қызметкерлерін жұмыстың барлық бағыты бойынша оқыту жүргізеді. Біздің маңызды міндетіміз - барлық пайдаланушылар алда тұрған міндеттерді сауатты және шұғыл орындауы. Сайып келгенде әр қызметкердің күнделікті жұмыста жаңаша информатикалық технологияны пайдалануы көбіне-көп компанияның тұтастай табысына себепші болады.
"АЛСЕКО" АҚ іс-қызметінің негізгі бағыттары:
Абоненттік жұмысқа арналған программалық қамтамасыз етуді жасап шығару;
Тапсырыс берушінің программалық және аппараттық қамтамасыз етудегі тиімді жұмысын қолдау;
Тапсырыс берушілер кәсіпорнының пайдаланушыларын программалық қамтамасыз етумен жұмыс істеуі бойынша информатикалық қолдау;
Коммуналдық қызметке төлемақы шоттарын басып шығару және жеткізу, тұрғындардың төлемдерін өңдеу;
Жеке есеп құралдарының нақты көрсеткіштерін алу;
Коммуналдық қызметті жеке тұтыну мәселелері бойынша халыққа арналған телефондық ақпараттық-анықтамалық қызмет жұмысын қамтамасыз ету;
"Рингер" программалық-техникалық кешенін қолдау және пайдалану - коммуналдық қызмет төлемақысы бойынша берешекті өтеу туралы тұтынушыларға телефонмен қоңырау шалып шығу.
ИТ - консалтинг
Microsoft программалық қамтамасыз етуімен жабдықтау.
ИТ қызмет етуі мен сүйемелдеуі - оның болмыс циклі бойғы шешімі
Клиенттің талаптарын барынша толығынан қанағаттандыру компанияның үнемі басты стратегиялық сара жолы болды және бола бермек. Клиенттеріміздің мүдделері біз үшін бірінші орында. Клиенттерге иіліп, бабын табу, байыпты бағалық саясат, жұмыстың жоғары сапасы, одан әрі қолдап, сүйемелдеу - Сіздің назарыңызды түсіргіміз келетін артықшылықтарымыздың кейбірі осылар.


 
 "АЛСЕКО" АҚ Сізді өзара тиімді ынтымақтастық пен серіктестікке шақырады!






Жаңалық жолдауға қол қою:  
Авторизация





Тіркеу


Мекен-жай: Қазақстан Республикасы 050026, Алматы қ., Байзақов к-сі, 221 үй, 5 қабат
Телефон: +7(727)277-50-05
Факс: +7(727)378-08-01
Эл.пошта: