Жаңалықтар01.10.2009 Коммуналдық қызмет тұтынушыларының сұрақтарына тікелей желіде АЛСЕКО АҚ Бас директоры Олег Александрович Власов жауап берді.
«Вечерний Алматы» газеті, №115 (11162), бейсенбі, 1 қазан 2009 ж.
Ерлан Тенизбаев:
- Сәлеметсіз бе, неге көрсеткіштері санауыш көрсеткіштерімен үйлеспейтін түбіртіктер келуде ?
- Себебі соңғы уақытта коммуналдық қызметке ақы төлеу түбіртектерінде кейбір өзгерістер болды. Бұл электр қуаты бойынша есептеу әдісіне көшумен байланысты. Сараланған (дифференциалды) тарифтер енгізілді, жаңа жабдықтаушылар пайда болды және түбіртектерде қосымша бағандар мен жолдар пайда болды.
Мысалы, «АЛСЕКО» түбіртектерінде электр қуаты бойынша «соңғы» және «бұрынғы» бағандарында бақылаушы алған көрсеткіштер мәні басылып шығады. Бұл көрсеткіштер іс жүзінде тұтынылған электр қуаты мөлшерін көрсетеді. «Төлеуге » бағанында қызмет үшін қарыз пайда болмауы үшін төленуге тиісті сома көрсетіледі. Басқа қызмет бойынша «бұрынғы» бағанында төленген көрсеткіштер басылып шығады. Ал нақты тұтынылған мөлшерді тұтынушы жазады.
Мысалы, алынған түбіртектен сіз бақылаушы алған электр қуаты санауышының екі соңғы тексеру көрсеткіштерін көресіз (бағандарда да осы көрсеткіштердің алынған уақыты көрсетіледі). Қыркүйек шоттарында да тамыз бен шілде тексерулері аралығындағы есептеу ұсынылған. Ал санауыштан сіз қыркүйек көрсеткіштерін көресіз. Басқа қызмет бойынша (мәселен, ыстық және суық су) сіз санауыштардың көрсеткіштерін жазасыз.
Таисия Толмачева:
- Үшінші ай үшін төлемде 90 теңге қарыз тұр. Менде қаңтардан бастап санауыш жоқ- сәйкестігін тексеру үшін алынған. Бес ай санауышпен емес, норматив бойынша төледім. Қайта есептеу жасалды.
- Әр шотта анықтама қызметінің телефон нөмірі басылып шығады. Қай цифр қайдан шықты, бұл сұраққа солар жауап беруге тиісті. Таңғы сағат 8-ден қоңырау шалуыңызға болады.
Тұтынушылардың назарын санауыштардың сәйкестігін тексеру мерзімі өткенге дейін бірнеше ай бойы сіздердің түбіртектеріңізде сәйкестікті тексеруден өту керектігі жайлы ақпараттық жол басылып шығады. Бұл хабар кейінгі айларда да қоса беріледі. Бұл тұтынушы мерзім өту уақытына дейін санауыштың сәйкестігін тексеруден өтуі үшін жасалады. Егер тұтынушы берілген уақыт пен ескертуге қарамастан, сәйкестікті тексеруді тиісті мерзімде жасамаса, қызмет тұтыну шығысы тұтыну нормасына қарай есептеледі, қайта есептеу жасалмайды. Құрметті тұтынушылар, түбіртектеріңізді мұқият оқыңыздаршы, санауыштардың сәйкестігін тексеру туралы және тағы басқа маңызды ақпараттық хабарларды жіберіп алмаңыздар.
Жанна Ибрагимова:
- Менде кабельді телевидение мен Интернет жоқ, түбіртекте неге Алма-ТВ қызметі басылып шығады?
- Интернет пен кабельді телевидение қызметіне ақы төлеу қолайлы болу үшін жуырда келісім-шарт нөмірі мен есептеу сомасы көрсетілген, шот- түбіртектерде тиісті жол бөлінді. Бірақ сіздің «Алма-ТВ» АҚ-мен келісім-шартыңыз жоқ болса, онда «Төленді» бағаны толтырылмайды және сізге ештеңе төлеудің қажеті жоқ.
Егер Сіз «Алма-ТВ» АҚ- мен келісім-шарт жасассаңыз, шотта бос жол басылып шықса, «Төленді» бағанына «Алма-ТВ» АҚ қызметі үшін төлемақы сомасын жазуға болады, бұл сома Сіздің келісім-шартыңызға есептеледі.
Булат Сатпаев:
- Көбіне түбіртектер маған жетпесе, не істеу керек? Таратушылар пәтерге келуге ерінеді, пошта жәшіктеріне тыға салады. Неге екенін білмеймін, оны бұзықтар ұрлап алады.
- Мұндай талай арыз алдық. Жарты жылдай уақыт болды, шот-түбіртектерді электронды пошта арқылы алатын жаңа мүмкіндік туды. Бұл үшін Сіз шот –түбіртектерді электронды жолдау қызметіне жазыласыз және оларды e-mail бойынша аласыз. Тек «АЛСЕКО» АҚ келісім-шарттар бөліміне бекітілген үлгідгі өтініш толтыру үшін келіңіз де, мынадай құжаттар жинағын ұсыныңыз:
түпнұсқасын көрсете отырып, жеке куәліктің көшірмесін;
Альфия Махмудова:
- Электр қуаты тарифінің өсуі немен байланысты екендігін айтыңызшы?KEGOC» АҚ жүйелері бойынша электр қуатын беру бағасы да көтерілді. Тарифтің өзгеруі Қазақстанның Табиғи монополияларды реттеу агенттігімен келісілді.
- 2009 жылдың 11 қыркүйегінен бастап «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС Алматы және Алматы облысы бойынша электр қуаты тарифін 15,7 пайызға көтерді. Бұл электр стансаларындағы электр қуатын босату бағасының өсуіне байланысты. Техникалық диспетчерлендіру қызметі үшін «
Анна Миронова:
- Біз электр қуаты бойынша сараланған тарифтерге көшу туралы теріс жағында жазылған түбіртектер алдық? Енді төлемақыны қалай дұрыс есептеуге болады?
Шынында, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС 2009 жылдың 11 қыркүйегінен бастап сараланған тарифтер жүйесіне көшеді, соған сәйкес пәтерде немесе жеке тұрғын үйде тұратын бір жанның электр қуатын тұтыну шамасы нормасы белгіленеді.
Бір адамның электр қуатын тұтынатын мынадай нормасы бекітілді:
90 кВт.с - электр пешін қолданбайтын тұрмыстық тұтынушылар үшін,
140 кВт.с - электр пешін қолданатын тұрмыстық тұтынушылар үшін, .
Егер сіз электр қуатын белгіленген норма шегінде тұтынсаңыз, 1 кВтс 9,7 теңге тұрады ( электр пешсіз үйлер үшін) немесе 9,89 теңге ( электр пешті үйлер үшін).
Белгіленген нормадан тыс КВтс қымбат тұрады - 12,28 теңге.
Тұратын тұрмыстық тұтынушылар саны азаматтарды тіркеу кітабы немесе ПИК мөрімен куәландырылған анықтамамен анықталады.
Тұтынушылар жаңа тарифке көшумен тұтынылған электр қуаты үшін есептеу қалайша болғанын білу үшін қыркүйек түбіртектерінде 2 жол басылады – бірінде есеп құралы көрсеткіштері мен 11 ыркүйекке дейінгі тариф, екінші жолда – есеп құралдарының көрсеткіші мен жаңа тариф. «Төлеуге » бағанында екі тариф бойынша электр қуаты үшін есептеудің жиынтық сомасы көрсетіледі.
Сонымен бірге «Алматы жылу жүйесі» АҚ тек жылыту кезеңінде ғана жылыту үшін есептеу ұсынуға көшуді жоспарлауда. Яғни, жылыту үшін есептеу тек қазаннан бастап сәуірге дейін ғана ұсынылады. Көшу іске асатын мерзім мен жоспар қосымша хабарланады.
Қолданылып жүрген электр стансалары тозуының жоғары пайызы электр қуатын ақылмен жұмсау және тұтыну туралы ойлануға жетелейтінін айта кеткім келеді. Сондықтан сараланған тарифтендіруге көшу энергияны сақтау жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы маңызды қадам болды. Оған Қазақстанның Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Қазақстанның барлық жерлеріндегі әкімшіліктермен бірлесе ұйтқы болды.
Біз коммуналдық қызмет тұтынушыларын енгізілген жаңалықтарға түсіністікпен қарауға және қолдауға шақырамыз, қуатты аялау – тек қуат өндіретін және беретін компаниялардың ғана емес, әрқайсымыздың міндетіміз.
Электр қуатын тек артыңды өшіріп қана байыппен жұмсасаңыз, еліміздің қорын ғана үнемдеп қоймай, коммуналдық қызмет төлемақысына шығатын өз шығыныңызды да едәуір төмендетесіз.
Александра Спиридонова:
- Маған тұтыну шығысы 4 тұрғынға есептелетін түбіртектер келеді, ал шын мәнінде үш адам тұрамыз. Тұратындар санын қалайша кемітуге болады ?
«АЛСЕКО» АҚ шот-түбіртектерінде тұратындар санын және аты-жөнді өзгертуді коммуналдық қызметпен жабдықтаушылар жасайды. Бұл үшін мынадай құжаттар керек :
- сату-сатып алу келісім-шарты (жекешелендіру шарты, мұра туралы куәлік, сыйға тарту шарты, т.б.),
- үй кітабы,
- жеке куәлік.
Бұл құжаттар алаяқтық фактілерін және басқадай заңсыз іс-қимылды болдырмау үшін, тиісті құқы бар адам ғана пәтерден тіркеуден шығару және тіркеу үшін қажет.
Егер «АЛСЕКО» АҚ шот-түбіртектерінде «ыстық су », «суық су», «газ» қызметі басылып шықса, онда аты-жөн мен тұратындар санын өзгертуді ауданның газ бөлімшесі жасайды.
«Абонентский расчетный центр «Алматыгаз» ЖШС Жароков көшесінде , 20 үйде ( Шевченко қиылысы) телефон 250-50-04.
- Алмалы ауданы бойынша басқарма Төле би көшесі бойында, 265а үй, Тілендиев қиылысы, телефон 258-25-72.
- Әуезов ауданы бойынша басқарма 12 ықшам аудан, 8А үй, Шаляпин мен Береговой қиылысы , телефондар 221-26-40, 258-31-98.
- Бостандық ауданы басқарма, Тимирязев көш., 56б үй, Гагарин қиылысы, тел. 258-39-71.
- Жетысу ауданы бойынша басқарма, Айнабұлақ-3, 129 үй, бұрынғы «Айнабұлақ» сауда үйі, телефон. 393-99-52.
- Медеу ауданы бойынша басқарма, Жангелдин көшесі , 31 үй, Райымбек қиылысы, телефон 258-34-09.
- Турксіб ауданы бойынша басқарма, Физули көшесі, 27 үй, Богдан Хмельницкий қиылысы, тел. 380-19-70, 380-19-20.
Егер «АЛСЕКО» АҚ шот- түбіртектерінде «ыстық су», «суық су» қызметі басылып шықса, онда аты-жөн мен тұратындар санын өзгертуді «Алматы жылу жүйесі» АҚ Абоненттік бөлімі жасайды.
- Байзақов көшесі, 221 Қарасай батыр қиылысы, телефондар 378-06-86, 378-06-85, 378-06-99
Егер «АЛСЕКО» АҚ шот- түбіртектерінде тек қана «суық су» қызметі басылып шықса, онда аты-жөн мен тұратындар санын өзгертуді «Холдинг Алматы Су» Абоненттік бөлімі жасайды.
- Жароков көшесі 196, Тимирязевтен төмен. Телефондар 274-21-12, 274-35-22, 274-36-99, 274-33-81
Тұратындар санын көбейтіп өзгерту үшін жоғарыда аталған мекемелердің қай-қайсысына да немесе «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС –ке үй кітабымен және жеке куәлікпен келуге болады.
- Мәметова 34, Панфилов қиылысы 271-49-43 ішкі 104, 106
- Мұқанов 173, Әйтеке би қиылысы 378-29-55, 378-29-57 ішкі 101, 112
- Спартак 30, Сейфуллин қиылысы 232-73-61
- Жароков 271а, Кихтенко қиылысы 312-12-(85-89), ішкі 131-136
- Жетысу-3 1в үй (Абай бойымен Саин мен Момышұлы арасында) 376-89-51, ішкі 110-113
Галина Иванова:
- Төлемдерімізде ПИК ассоциациясына 25 теңгеден төлеу керектігі жайлы баған пайда болды. Біз неге төлеуіміз керек және одан бас тартуға бола ма?
Бұл пәтер иелерінің кооперативі өздері ұйтқы болған қызметтің бірі. «ПИК ассоциациясы» қызметі АЛСЕКО АҚ шот-түбіртектерінде егер Сіздің ПИК –тің ПИК ассоциациясымен келісім-шарты болса ғана басылып шығады. Ассоциация атап айтқанда Сіздің ПИК-ке қандай қызмет көрсетінін ПИК –тен білесіз.
Бұл қызметке тұтынушының қалауы бойынша төленеді. Яғни бұл қызметке төлеу –төлемеуді тұтынушының өзі шешеді.
Евдокия Козликова:
- Біз Дорожник ықшам ауданының тұрғындарымыз. Суық су үшін санауыштардың көрсеткіштері бойынша төледік. Ал бізге барлық үйге- әлдебір норматив бойынша қарыз есептелді. Горводоканалдағылар қарыздарыңыз жоқ деді.
Бірден сіздің үйіңіздің қарызы жөнінде айта алмаймын. Бәлкім, сөз дисбаланс жөнінде болар. Бұл жалпыүйлік құрал көрсеткіштері мен тұрғындардың құрал көрсеткіштері сомасы арасындағы айырма бар болғандағы жай. Мұндай жағдайдар жиі болады – жалпыүйлік үлкен соманы көрсетеді. Ондайда айырма барлық тұрғындарға бөлінеді. Мұндайда тек Водоканал ғана шешім қабылдайды, біз сізге көмектесе алмаймыз. Бірақ Водоканалдағы әріптестерімізден осы ахуалды тексеруді өтінемін.
Ольга Колесникова:
- Біз әуелі Интернетке қосылдық, сосын бізге оның қажеті жоқ деп шештік. Өшірдік, бірақ міне бірнеше ай болды, бізге Интернет үшін қарыз есептелуде. Бірнеше рет тексеруге бардық, бұл қарызды алып тастаймыз деп уәде берді, бірақ әлі алған жоқ, ол үнемі өсіп келеді. Не істейміз?
- Бұл мәселе бойынша барлық шешімді Алматытелеком қабылдайды. Біз мәліметтер базасында, жабдықтаушылардың бізге берген ақпаратын жиынтықтаймыз.
Михаил Николаевич:
- Шотта мен артық төледі дген артық төлем келеді. Бірақ мен ештеңеге алдын-ала төлеген жоқпын.
- Мен сіздің сұрағыңызға қазір жауап бере алмаймын, қолымда мәліметтер базасы жоқ. Анықтамалыққа қоңырау шалып көрдіңіз бе? Телефондар түбіртектерде көрсетілген. Мен өз тарапымнан тапсырма беремін, барлығын тексерсін де , сізбен байланыссын.
Болжауымша, Сіздің артық төлеміңіз 2009 жылы мамырда болып өткен электр қуаты үшін есептеудің жаңа әдісіне көшумен байланысты. Өйткені мамыр шоттарында сіз сол сәтте төлеп қойған, өткен айдың, ағымдағы емес, электр қуаты шығысы көрсеткіштері көрсетіле бастады. Басқаша айтсақ, мамырдан бері бір ай бұрын төлеп келесіз, сондықтан артық төлем шығады.
Галина Данилова:
- Менің ыстық су санауышым жоқ. Маған түбіртекте төлемақы сомасын қояды, бірақ кубометрлер саны жазылмайды. Түсініксіз, олар цифрларды қайдан алады?
- Бұл цифр бір адамның ай ішінде ыстық суды тұтынатын нормативі бойынша есептеледі. Тариф табиғи монополияларды реттеу жөніндегі департаментпен белгіленген және келісілген. Бір адамның ыстық суды тұтыну нормасы = 3,6 м3 (орталық ыстық сумен қамтамасыз етілетін тұрғын үйлерде)
Бір адамның суық суды тұтыну нормасы =8,4 м3
- Мұндай есепті қайдан білуге болады? Мен анық нормативтер мен су құнын білгім келеді?
- ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің департаментіне.
Нагима Молдагалиева:
- Электр қуаты үшін төлемақыда неге «Аванс» деп жазады? Мен төлеуге тиістімін бе ?
- Бұл ақпарат үшін, төлеуге міндетті емессіз. Электр қуатын айына орташа тұтынуыңыз туралы хабарланады, қалауыңыз бойынша алдын-ала төлеуіңізге болады, сонда келесі шотта ешқандай есептесу болмайды. Төлемеуіңізге де болады.
Иван Шалыгин
- Мен коммуналдық төлемдерді банк арқылы төлеймін. Маусымнан бері электр қуатының ағымдағы көрсеткіштері бойынша позиция болмай қалды.
- Мен де сіз сияқты интернет-банкингті пайдаланамын және көрсеткіштер көрсетілмей қалғанын мен де байқадым. Бәрінен бұрын бұл программада болған қатемен байланысты шығар. Бұл мәселемен қазір шұғылдануда және қате түзетіледі.
Барлық жаңалықтар
|
|