Қазақша

"АЛСЕКО" АҚ - тұтынушылардың коммуналдық қызметке төлемі туралы ақпаратты өңдеу, программалық қамтамасыз етуді жасап шығару және коммуналдық қызмет тұтыну есебі мен бақылауды автоматтандыру саласында маманданған компания. Осы замандағы әлемде бизнесті басқару дегеніміз, ең алдымен, ақпаратты басқару. Біз осы міндетті кешенді шешуді ұсынуға әзірміз!

Біздің телефондарымыз:
378-08-00
378-07-99
Табу

Басты » Жаңалықтар » «Алматы Су» Алматы қ. сумен қамтамасыз ету жүйесін жөндеу, жаңғыртып-жетілдіру және жаңарту жөніндегі ауқымды жұмыстар жүргізуде

Жаңалықтар

12.11.2009

«Алматы Су» Алматы қ. сумен қамтамасыз ету жүйесін жөндеу, жаңғыртып-жетілдіру және жаңарту жөніндегі ауқымды жұмыстар жүргізуде


Бұл мақсатқа  жоспарланған 3,5 млрд. теңгенің  қазіргі уақытта  3 млрд. теңгесі игерілді. Барлық жұмыстар кестелерге сай жүргізілуде және мерзімінде орындалады деген           толық сенім бар.
- 431 дана бекіту арматурасы ауыстырылды;
- 12,7 км су құбыры жүйесі мен  7,5 км канализация жүйесі жөнделді;
- 47 мың. м3 және  20
мың.м3 көлемдегі тәуліктік реттеу алаптары жөнделді;
- су құбыры жүйелерінде қысымды реттегіштер мен шығысты өлшеуіштер орнатылды;
-саз балшық тазартылды. 228 мың  м3 тұнба немесе 30 га;
- ағынды суды тазарту құрылымдары қайта жасалды, бұл орайда аэрацияның энергия сақтау жүйесі орнатылды. ;
- жалпы көлемі 48 мың.м3  таза су резервуары жөнделді , Талғар суатында суағар қайта жасалды, скважиналарды бұрғылаудың жобалық жұмыстары орындалды,  бүгінгі таңда 4 скважина  бұрғыланды,  4 скважинада бұрғылау жұмыстары жүргізілуде. Барлық скважиналардың тереңдігі  300 м. (анықтама үшін: соңғы  15 жылда барлығы 5 скважина бұрғыланды);
Қауіпсіздік мақсатымен басты тазалау құрылымдарда және суды зарарсыздандыратын сорғы стансаларында электролиз қондырғылары жұмысқа енгізілді;
- ПҚК (пайдалы қимыл коэффиценті) өте жоғары сорғылар орнатылған 12 сорғы стансасы жаңғыртып-жетілдірілді, 6-10 кВ-тық   5 кабель желісі ауыстырылды.
Соңғы  15 жылда Алматы қ. сумен қамтамасыз ету және суды  бұрып әкету  жүйелерінде осындай кең ауқымды жұмыстар алғаш рет жүргізілді.  Мұндай жұмысты жүргізу және қаржыландыруға Алматы қ. сумен қамтамасыз ету және суды  бұрып әкету тарифтерін тұтынушылар топтары бойынша дифференциялауды енгізудің арқасында жол ашылды .
 Алматының тұтынушылар топтары бойынша дифференциялауды енгізу тәжірибесі осы жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев  мақұлдады. Президент сонымен қатар  суарнасы дифференциалданған  тарифті енгізуі есебінен    Алматы  «пайдалы жұмысқа шықты» деп атап көрсетті.
Жүргізілген жұмыстар сумен қамтамасыз ету және суды  бұрып әкетудің сенімді болуына бағытталды, сондай-ақ суды нормативтен тыс шығынын   1,5 - 2% азайтуға мүмкіндік берді. 
Энергияны сақтау жөнінде жүргізілген іс-шаралар жақын келешекте (келесі жылда)  электр қуаты шығысын  жылына 10 млн. кВт.с. қысқартуға мүмкіндік береді.

 «АлЖЖ» АҚ жабдықтаушының тарифі:
  Жылу қуатын өндіру жөніндегі тарифтің өзгеруіне байланысты ҚР Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігінің  25.08.2009 ж. №284 бұйрығына   жылу қуатын беру, тарату және қамтамасыз ету жөніндегі тарифтің ТМР жөніндегі Алматы қ. бойынша департаментінің  30.09.2009 ж. №103-ОД бұйрығына сәйкес   2009 жылдың 8 қазанынан бастап мынадай  тарифтер енгізіледі:

 


Қызмет атауы Өлшем бірлігі Бекітілген  тариф
Жылу қуатын беру, тарату және қамтамасыз ету жөніндегі тариф Теңге/Гкал 3 542,00 теңге
(ҚҚС-сыз)
 
3 967,04 теңге
(ҚҚС-сыз)
оның ішінде:   
 Жылу қуатын өндіру тарифі  Теңге/Гкал 2 244,73 теңге
(ҚҚС-сыз)
2 514,10 теңге
(ҚҚС-сыз)
Жылу қуатын беру, тарату және қамтамасыз ету жөніндегі тариф Теңге/Гкал 1 297,27 теңге
(ҚҚС-сыз)
1 452,94 теңге
(ҚҚС-сыз)

Жалпы есеп құралы  (ЖЕҚ) бар тұрғын үйлерде тұратын тұтынушыларға арналған ыстық сумен қамтамасыз ету және жылыту үшін алынатын алым мөлшерлемесі (ставкасы) -  1Гкал үшін ҚҚС-мен 3 967,04 теңге. 
 
 ЖЕҚ-сыз  тұрғын үйлерде тұратын тұтынушыларға арналған ыстық сумен қамтамасыз ету және жылыту үшін алынатын алым мөлшерлемелері (ставкалары):
 
 
Қызмет атауы Өлшм бірлігі Алым мөлшерлемесі (ҚҚС-сыз)
1. Жылыту кезеңінде ғана ақы өндіру кезінде айына пайдалы алаң 1 м2 жылыту Теңге/м2 101,16
2. Ыстық сумен қамтамасыз ету үшін айына 1 адамнан :   
2.1.  ванналармен жабдықталған Теңге/адам 837,63
2.2. қол жуғыштармен, шайынғыштармен жабдықталғандар Теңге/адам 699,34
2.3. отыратын ванналармен, шайынғыштармен жабдықталғандардан Теңге/адам 768,98
2.4. қол жуғыштары бар үйлерде Теңге/адам 185,55
2.5.  жалпы пайдаланудағы шайынғыштары бар үйлерде  Теңге/адам 418,81
2.6. . есеп құралы бар, бірақ жылу қуаты есебі құралдары жоқ кездегі ыстық судың 1м3  құны Теңге/м3 237,08
2.7.  Барлық тұрғын бөлмелердегі шайынғыштарды бар жатақханалар Теңге/адам 487,95
2.8. Үйдің әр секциясындағы тұрғын бөлмелердегі қабаттар бойынша асбөлмелер мен блоктар бар жатақханаар  Теңге/адам 630,20

Жылыту үшін ақы төлеудің қолданылатын тәртібі:
 Ағымдағы жылдың қазаны - 0,5*101,16=50,58 теңге/м2
Ағымдағы жылдың  қарашасы, желтоқсаны - 101,16 теңге/м2
Келесі жылдың қаңтары, ақпаны, наурызы - 101,16 теңге/м2
Келесі жылдың сәуірі -  0,5*101,16=50,58 теңге/м2

Қызылорда қаласындағы Алсеко

 2008 жү бастап  АЛСЕКО компаниясы  Қызылорда қ. коммуналдық қызмет бойынша бірыңғай есеп орталығын құруға кірісті.
 «АЛСЕКО»  АҚ программалық қамтамасыз етуі қаланың барлық коммуналдық қызметпен жабдықтаушыларын Бірыңғай төлем құжатына бірігуіне жол ашады.
 Бұл тек коммуналдық қызметпен жабдықтаушыларға ғана пайдалы болып қана қоймай, сыйып келгенде тұтынушыларға да тиімді, өйткені :
• Барлық коммуналдық қызмет бойынша тұтынушыларға бірыңғай шот келеді;
• Тұтынушылардың төлемақыны қай банктан болса, интернет  пен төлемдік  терминалдар, пошта байланысының бөлімшелері арқылы төлейтін мүмкіндігі бар ;
• Банкте тек бір шот үшін ақы алынады;
• Даулы мәселелерді шешу үшін тек бір түбіртекті ғана сақтау қажет;
• Пәтер иесі, тұратындар саны немесе алаң өзгерген жағдайда тұтынушыға қай жабдықтаушыға болса да құқық белгілейтін құжаттар әкелу жеткілікті  («бір терезе» принципі)

 2009 жылы қарашада АЛСЕКО АҚ  жасаған  программалық қамтамасыз ету   «Инфрақұрылымды дамыту орталығы»  МКК үшін іс-әрекетке енгізілді.  Біздің мамандарымыз абоненттік жұмыс жүргізудің ерекшелігін ескере отырып,  программалық қамтамасыз етуді бейімдеді .
Түбіртектердің алғашқы таралымы 70 000. Енді  коммуналдық қызметті тұтынушылар «Су құбыры»,  «Қызылорда су жүйесi»  МКК,  «Кызылордаюжтеплоцентр» МКК, «Кызылордатеплоэлектроцентр» МКК, «Кызылорда Жарық Сервис»  МККД,  «Гарант 2» МКК,  «Спецавтотранс» ЖШС,  «Көркейту» МКК,  «Энергосервис» ЖШСД сияқты бірнеше коммуналдық қызметпен жабдықтаушыларды бірден көрсеткен қызметі үшін бір ғана шот түбіртектерін ала алады .

 




Барлық жаңалықтар





Жаңалық жолдауға қол қою:  
Авторизация





Тіркеу


Мекен-жай: Қазақстан Республикасы 050026, Алматы қ., Байзақов к-сі, 221 үй, 5 қабат
Телефон: +7(727)277-50-05
Факс: +7(727)378-08-01
Эл.пошта: