Қызметтер
Көрсетілетін қызметтер
"АЛСЕКО" АҚ компаниясы информатикалық жүйелер, өндірістік қызметтер жасау, IT-консалтинг, лицензиялық программамен қамтамасыз етумен жабдықтау, т.б. салада кең өрісті қызметтер ұсынады.
Программалық қамтамасыз ету:
- программалық қамтамасыз етуді тапсырыс бойынша әзірлеу;
- программалық қамтамасыз етуді енгізу және одан әрі түзеу;
- ПҚЕ құжаттау;
- пайдаланушыларды берілген ПҚЕ-мен жұмыс істеуге үйрету;
- лицензиялық программалық қамтамасыз ету және сервермен жабдықтау.
Өндірістік қызметтер:
- коммуналдық қызметке төленетін шоттарды басып шығару және жеткізу, халық төлемін өңдеу;
- жеке есеп құралдарының нақты көрсеткіштерін алу;
- халыққа коммуналдық қызметтті жеке тұтыну мәселелері жөнінде ақпараттық-анықтамалық телефон қызметін көрсету жұмысын қамтамасыз ету.
IT-консалтинг:
- клиентке информациялық жүйелерді пайдалануда кенес пен іс жүзінде көмек беру;
- жұмыс шығындарын, мерзімдерін, тәуекелдерін және нәтижелерін жоспарлау;
- нәтижелерді қалыптастыру мен материалдандыру есебінен жұмыстың орындалуын бақылау;
- тапсырыс беруші мен мердігер-фирмалардың өзара қарым-қатынастарын оңтайландыру нәтижесінде тәуекелдерді азайту.
Техникалық қызмет көрсету:
- АЛСЕКО-ны және тапсырыс беруші-кәсіпорындарды программалық және аппараттық қамтамасыз ету жұмысының тиімділігін қолдау;
- мәліметтердің біртұтастығын және сенімді сақталуын қамтамасыз ету;
- корпоративтік жүйеміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- корпоративтік жүйемізге қосылған тапсырыс берушілердің алыс кеңсесіндегі телекоммуникациялық жабдықтардың толассыз жұмысын қолдау;
- өндірістік процестерде қолданылатын техникалық құралдардың тұрақты сенімді жұмысын қамтамасыз ету.
Біз алдымызға қойылған міндеттерді шешпей қалдырмаймыз және әрқашан клиенттерімізде пайда болған проблемаларды шешеміз. Біз программалық кешендеріміздің сенімді жұмысын қолдап қана қоймай, клиентерімізбен сенімді, достық қатынастарды сақтауға тырысамыз.
Бүгінде барлық компаниялар өз іс-қызметін іс жүзінде информатикалық технология негізінде құрады және компания іс-қызметі туралы барлық ақпарат көбіне электронды түрде сақталады. Жүйедегі мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету кәсіпорынның табысты жұмыс істеуі үшін маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Оны жоғалту компанияның жабылуымен немесе рыноктағы өз орнын жоғалтумен парапар. Сондықтан барлық компаниялар мәліметтерді қорғау проблемасына барған сайын баса назар аударуда.
Сондықтан мәліметтер жоғалуы мүмкін төтенше жағдайларда оларды тезірек қалпына келтіру мүмкіндігі болуы керек. Мәліметтерді сақтау жүйесін ұйымдастыру жоғалған мәліметтерді тез қалпына келтірудің өте көп таралған және тиімді құралдарының бірі болып табылады, яғни мәліметтер жоғалтуға немесе зақымға әкеп соқтыратын апаттық ахуал туындаған жағдайда информатикалық жүйенің жұмысқа қабылеттілігін тез қалпына келтіру үшін мәліметтердің мол көшірмелерін жасау. Мұндай көшірмелер ауыстырмалы таратушыларда (әдетте, ауыстырмалы таратушы рөлін магниттік таспалар атқарады, бірақ магниттік-оптикалық дисктер мен басқа да құрылғылар да болуы мүмкін) белгілі бір мерзім бойы сақталады, сонан соң қайтадан жазылады.
Мәліметтер сақтауды ұйымдастыруда назар аударуды қажет ететін негізгі жағдайлар:
- кәсіпорынның кеңсесі тұрған, негізгі мәліметтер сақталған жерден мәліметтер банкін шоғырлаудан қашқақтау;
- жүйелердің конфигурациясын, сонымен қатар мәліметтерді қалпына келтіру рәсімін құжаттандыру қажет;
- құжаттаманы да, мәліметтердің өзін де сақтау керек;
- бизнес үшін өте қиын болып табылатын жүйелер қайсы екендігін білу керек. Яғни бизнеске қайсыбір жүйесіз құрып кету қаупі төніп тұрса, мұндай жүйені ең алдымен қорғау керек;
- мәліметтерді сақтау жүйесін ұйымдастыру үшін кәсіби кеңесшілерді шақыру керек;
- барлық таратушылар қайда тұрғанын және олардың қаншалықты ескіргенін білу керек. Егер таспа тым ұзақ қолданса, ондағы мәліметтер қалпына келмеуі мүмкін.
Біздің компаниямыздың мұндай жүйелерді ұйымдастыруда бай тәжірибесі, жоғары білікті мамандар штаты, сонымен қатар Мәліметтерді өңдеу орталығы бар, мұның барлығы бізге Сіздің мәліметтеріңіздің 100 % сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді!
Мәліметтер сақтау жүйесін сипаттау *
Мәліметтерді сақтау
Тапсырыс берушінің мәліметтері «АЛСЕКО» АҚ серверлік жабдығының қатты дискілерінде немесе жеке дискілік массивтерінде сақталады. Сенімділік пен мәліметтердің сақталуын арттыру үшін аппараттық деңгейде іске асырылатын RAID5 не болмаса RAID0 технологиясы қолданылады. Серверлік жабдық пен дискілік массивтер «АЛСЕКО» АҚ информатикалық технология бөлімінің қызметкерлеріне берілген және қол жету электрондық құлыппен шектелген, арнайы жабдықталған Мәліметтерді өңдеу орталығында (МӨО) болады. МӨО-да 20 градус Цельсиядан аспайтын температура ұсталады. Барлық жабдық ғимараттың жалпы электр пайдаланудан үзілгеннен кейін кемінде бір сағат жабдықтың жұмысын қолдап тұратын толассыз жабдықталу көзі арқылы іске қосылады.
Резервтік көшіру
Әрбір 15 мин. сайын ішкі USB дискке, не болмаса жеке заттық қатты дискке мәліметтерді дифференциалдық көшіру жасалады;
Күн сайын мәліметтерді күнде 00:00 сағатта 2 кассетаға және ішкі USB дискке толық резервтік көшіру жүргізіледі. Осылайша апта сайын қайта жазылатын 2 кассета және бір USB диск аптаның әр күніне көзделген. Бірінші кассета «АЛСЕКО» Ақ сейфінде сақталады, екінші кассета банкте жалға алынған ұяға апарылады. Ішкі USB диск «Алсеко» АҚ жанбайтын шкафында сақталады.
Ай сайын 2 кассета және DVD дискілеріне мәліметтерді толықтай резервтік көшіру жасалады. Ай сайынғы көшірмелері бар таратушылар қайта жазылмайды, бірінші кассета «АЛСЕКО» АҚ сейфінде, екіншісі банктің жалға алынған ұясында, DVD дискілер «Алсеко» АҚ жанбайтын шкафында сақталады.
Резервіленген ақпаратқа рұқсатсыз жетпек болған, анықталған әрекеттер, сондай-ақ резервтік көшіру барысында болған информатикалық қауіпсіздікті басқадай бұзу жайлы Тапсырыс берушіге аталған уақиға анықталғаннан кейін жұмыс күні ішінде қызметтік хатпен хабарланады.
Резервтік көшірме нәтижелерін бақылау
Резервтік көшіру барлық амал-рәсімдерінің нәтижелерін бақылауды «АЛСЕКО» АҚ мәліметтері базасының әкімі күн сайын іске асырады. Нәтижелер үшін жауапты әкім қате тапқан жағдайда проблеманы жояды, не болмаса, жаңа резервтік көшірме жасайды.
Резервтік көшірмелердегі ақпаратты қалпына келтіру
Қажет болған жағдайда резервтік көшірмелердегі мәліметтерді қалпына келтіру Тапсырыс берушінің өзінің корпоративтік менеджерімен келісілген өтінімі негізінде және «Алсеко» АҚ мәліметтер базасы әкімімен атқарылады. Өтінім түскен соң мәліметтерді қалпына келтіру жүйенің техникалық мүмкіндіктерімен шектелген, барынша қысқа, алайда бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде іске асады.
* мәліметтерді жинау мен сақтаудың егжей-тегжейлі жүйесі алдын-ала тексеру жасалған соң ұсынылады.
|
|