Қазақша

"АЛСЕКО" АҚ - тұтынушылардың коммуналдық қызметке төлемі туралы ақпаратты өңдеу, программалық қамтамасыз етуді жасап шығару және коммуналдық қызмет тұтыну есебі мен бақылауды автоматтандыру саласында маманданған компания. Осы замандағы әлемде бизнесті басқару дегеніміз, ең алдымен, ақпаратты басқару. Біз осы міндетті кешенді шешуді ұсынуға әзірміз!

Біздің телефондарымыз:
378-08-00
378-07-99
Табу

Басты » Қызметтер » Түбіртектегі жарнамалар

Түбіртекдегі жарнамалар



«Жарнама» сөзі – латыннан шыққан (латынның Reclamar) бастапқы кезде «айқайлау, айғайлап айту» дегенді білдіретін. Сонан соң оған «үн қату», «талап ету» деген мән қосылды. Осылайша, қалың қауымды қарапайым шақырудың өзінде қазіргі жарнаманың басты сипаты білінді: сатып алушыны тарту немесе тауарды немесе өндірушіні әйгілеу үшін бір нәрсе (біреу жайлы) мәлімет хабарлау, тарату.
Жарнамалық іс-қызмет жайлы жазбаша тарихтың алғашқы құжаттарында-ақ сөз қозғалды. Жерорта теңізі елдерін аумағын қазған археологтар әр түрлі оқиғалар мен ұсыныстар жайлы хабар беретін хабарландырулар тапқан. Римдіктер қабырғаларға гладиаторлық шайқастар жайлы құлақтандыруларды жазып тастаған, ал финикийлер өз тауарларын барынша мадақтаған, әр түрлі салтанатты шерулердің бағыттары жөнінде құз-жартастарға сурет салған. Мұның бәрі қазіргі сыртқы жарнаманың ізашарлары еді.
Жарнаманың күрт бұрылған тұсы 1450 жыл, Гутенбургтың баспа станогын ойлап табуы. Жарнама берушіге өз хабарламасының қосымша даналарын қолдан жасаудың қажеті болмай қалды. Бірінші басылған хабарландыру ағылшын тілінде 1478 ж. пайда болды.
 
Қазіргі уақытта баспа жарнамасына каталогтар, плакаттар, листовкалар,
ашық хаттар, күнтізбелер, планшеттер, афишалар, брошюралар, визит карточкалары және тағы басқалар жатады. Жоғарыда аталғандардың біразы пошта жарнамасына жатады, яғни тұтынушыға пошта жәшігіне орналастыру жолымен жетеді. Алайда қазіргі тұтынушы түрлі-түсті және сан алуан қағаздағы жарнама таратушылар молшылығына меймілдей кенелген. Сондықтан жарнама таратудың мұндай әдісі жарнама беруші арнаған листовка немесе брошюра  болуы ықтимал сатып алушы жеткізгісі келетін ақпаратқа көңіл бөліп, игеруіне кепіл бола алмайды. Бұдан мұндай жарнаманы тұтынушы үшін нығыз мәні бар ақпарат таратушыларда орналастыру керек деген қорытынды туындайды.
 
Түбіртектер мен шоттар – дәл сол қараған көзден таса қалмайтын ақпарат таратушылар.

«АЛСЕКО» АҚ коммуналдық қызметті тұтынушыларға жеткізілетін және ай сайын басып шығарылатын түбіртектер мен шоттарда орналастыру жөнінде қызмет көрсетеді. Тұтынушы оларды төлегенге дейін де, кейін де сақтайды. Егер шотта немесе түбіртекте жарнама орналасса, адам оған қараған сайын көзіне кәдімгі листовкада орналасса, байқалмай қалатын ақпарат түседі. «АЛСЕКО» АҚ басып шығаратын шоттардың таралымы 375 000. Яғни 375 000 отбасы Сіздің жарнамаңызды көріп, өніміңізді немесе қызметіңізді сатып алушы болуы мүмкін.
 

Басып шығарудың кезеңділігі  

 

        Айына 1 рет


 

Басудың басталуы

 

     Ағымдағы айдың 11-де- жарнамалық модуль
        Келесі айдың 7-нен - шот-түбіртектердің

 

Модул ұсыну  

 

     Ағымдағы айдың 10-нан кешіктірмей

 

Шот-түбіртектерді жеткізу  

 

     Келесі айдың 20-на дейін

 

Жеткізетіндер

 

     •Байланыс бөлімшесі

     •ПИК 

     • Курьерлер

 

Жеткізу бойынша бақылау 

 

     •«АЛСЕКО» АҚ өндірістік бөлімі
    •«Қазақтелеком» (тұтынушыларға қоңырау шалу)

 

Жарнамалық модульге талап 

 

       18 см х 12 см = 216 шаршы см
      А4 парағына бірінен бірі кейін екі  модуль орналасады. Модульдер арасы 3 см.

 

Жарнама немесе ақпаратты басу жағын іріктеу

 

     • Барлық жұмыс ауқымы – 430 000 шот
     • Жеке сектор – 118 000 шот
     • Көппәтерлі сектор – 312 000 шот
    • Қаланың кейбір аудандары үшін шоттағы жарнаманы басып шығару

 

Қажетті рәсімдер   

 

      Келісім-шарт жасасу

 

Байланыс  

 

      Тел.: (727)  378 08 00
      Факс: (727) 378 08 01
      e-mail:
info@alseco.kz

 

"Бір де бір іс, тіпті ең оң іс те жарнамасыз жылжымайды. Жарнама – нәрсенің аты… Жарнама әрбір, тіпті тамаша нәрсе жайлы да үнемі, шексіз еске салып тұруы керек… Жарнама жайлы ойланыңдар!"
Әлбетте, жарнаманы орналастыру әдісі жайлы да ойлану керек, әрине, ең тиімдісін таңдау керек. Біз Сізге септігімізді тигізуге даярмыз.

 
Табысты болып, өркендей беріңіз!
 






Жаңалық жолдауға қол қою:  
Авторизация





Тіркеу


Мекен-жай: Қазақстан Республикасы 050026, Алматы қ., Байзақов к-сі, 221 үй, 5 қабат
Телефон: +7(727)277-50-05
Факс: +7(727)378-08-01
Эл.пошта: