Мемлекет пен қоғам, бизнес және клиенттер үшін ақпараттық жүйелерді әзірлеп, енгізіп, сүйемелдейміз.
Біздің БЖ жеке шоттар бойынша нақты деректермен жұмыс істеу, қызметтердің тұтынылуының есебін жүргізу және төлемдер туралы ақпаратты бақылау мүмкіндігін береді.
4 айдан бастап
Сіз саны шектелмеген болуы мүмкін барлық қызметтер– электр энергиясы, газ, су, ПИК қызметтері, телефония және т.д. бойынша ортақ жеке шотты жүргізе аласыз.
БЖ жеткізушілердің шектелмеген санын біріктіріп, шектелмеген банк санының қызметін пайдалану мүмкіндігін береді, қызметтер бойынша есептеулер мен өсімпұлдарды автоматты түрде есептеу/қайта есептеу, ортақ шотты басып шығару және тұтынушыларға жеткізу үшін шоттарды топтастырудың түрлі әдістері бар.
Біздің шешімдер әріптестеріміздің (коммуналдық кәсіпорындардың) шоттарды басып шығару мен өңдеуге шығарылатын шығындарын 60-70% қысқарту мүмкіндігін берді.
«АЛСЕКО» квитанцияларын Алматыдағы 590 000 пәтер және үй иесі және 290 000 – облыста алады.
Сонымен қатар, тұтынушылардың жеке кабинеттері және мобильді қосымша - «АЛСЕКО. Жеке кабинет» жұмыс істейді. 2018 жылы ALSECO.KZ сайтындағы жеке кабинетті пайдаланушылар саны 100 000 астам адамды құрады.
«АЛСЕКО» Мобильді қосымшасы Google play және App Store дүкендерінде қол жетімді.