«АЛСЕКО» АҚ ақпараттық-есептеу қызметтерін көрсетуде үлкен тәжірибеге ие. Компания қызметінің негізгі бағыттарының бірі коммуналдық және өзге де қызметтерді төлеу үшін шоттарды мемлекеттік және орыс тілдерінде қалыптастыру және басып шығару, шоттарға рұқсат етілмеген қолжетімділіктен қорғауды қамтамасыз ету, шоттарды жеткізуді ұйымдастыру, сондай-ақ тұтынушылардың төлемдері туралы ақпаратты өңдеу болып табылады.
«АЛСЕКО» АҚ басқару органдары (МИБ /ЖС/ПИК) мен басқарушы компаниялар үшін жұмыс тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беретін қызмет көрсету бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты ұсынады, атап айтқанда:
Сіздің компанияңыз АЛСЕКО компаниясымен жұмыс істеген кезде қандай артықшылықтарға ие болады?
АЛСЕКО компаниясымен жұмыс істеу кезінде компанияның алатын басты артықшылығы – тұрғындар үшін көрсетілетін қызметтер бойынша төлемдердің жиналуын арттыру.
Сонымен қатар, біздің компаниямен жұмыс істеу кезінде сіз кейбір жұмыс түрлеріне шығындарды азайту бойынша бірқатар қосымша артықшылықтарға ие боласыз
Компанияның шоттарды дайындауға, оларды жеткізуге және тұтынушылардың төлемдері туралы ақпаратты өңдеуге кететін шығындарын азайту. Бұдан басқа, егер шоттарды тұрғындарға дейін жеткізуді Сіздің компанияңыз жүзеге асырса, АЛСЕКО сізге жеткізілген әрбір шот үшін 4 теңге төлейді.
Біз барлық сұрақтарға жауап беруге және ынтымақтастықтың ұсынылған шарттарын мына мекенжай бойынша талқылауға дайынбыз: Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 221, 1 қабат, «АЛСЕКО» АҚ кеңсесі. Жұмыс кестесі: ДС-ЖМ. сағат 08:00-ден 16:00-ге дейін.