FAQ (жиі қойылатын сұрақтар)

FAQ
Вопрос от 2020-03-03 10:10:50

Шоттың сыртқы түрі неге өзгерді?

Ответ

Шот нысаны тұтынушыларға шот бойынша толтыру үдерісін жеңілдету, сондай-ақ тұтынушылардың ақпараттық деңгейін арттыру мақсатында жеңілдетілді. Төлем жасағаннан кейін қағаз шот қызмет тұтынушыда сақталатын болады, өйткені 2020 жылдан бастап шот бойынша коммуналдық қызметтерді төлеуді қабылдайтын «АЛСЕКО» АҚ мен банктер төлем туралы ақпаратты электрондық түрде сақтау тәсіліне көшті.

Вопрос от 2020-03-03 10:11:58

Қызмет тұтынушылар шотқа енгізілген өзгерістерден қандай артықшылықтарға ие болады?

Ответ

Шоттың жаңа нысаны тұтынушыларға қағаз шот бойынша төлем кезінде толтыруға арналған  уақытты екі есе үнемдеуге, есептеу құралдарының көрсеткіштерін және төлем сомаларын қолмен енгізген кезде қателерді болдырмауға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, тұтынушылар төлемнің шекті мерзімдері, берешектер, артық төлемдер, тарифтер, есепке алу құралдары және басқа да нәрселер туралы ақпарат алады.

Вопрос от 2020-03-03 10:12:43

Шотта не өзгерілді?

Ответ

«АЛСЕКО» АҚ басып шығаратын коммуналдық қызметтерді төлеу шотына, келесі өзгерістер енгізілді:  

1) шоттың жоғарғы жолында негізгі қызмет көрсетушілердің байланыс деректері және компаниялардың логотиптері көрсетілген;

2) коммуналдық қызметтерді төлеу үшін қайталанған жолдары бар шоттың (шот түбіртектің) төменгі бөлігі алынып тасталды;

3) шоттың төменгі бөлігінде, қызметтер бойынша төлем мерзімдері, төлем сомасын есептеу кезеңдері, берешек туралы мәліметтер сияқты және тағы басқа да қызмет жеткізушілерден келген ақпараттық хабарламалар мен ескертулер басылып шығарылады;

4) шоттың төменгі жолында дербес шот нөмірі,  коммуналдық қызмет тұтынушының мекенжайы, шот қалыптастырылған кезеңі (айы/жылы), шоттың мөрленген күні және «АЛСЕКО»АҚ сайты көрсетілген.

Вопрос от 2020-03-03 10:18:32

Шотты енді қалай толтыру керек?

Ответ

Шоттың тек қана жоғары бөлігі толтырылады. Шоттың жаңа нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық-жаднаманы мына жерден алуға болады: https://www.alseco.kz/uploads/pamyatka_bill_new.docx

Вопрос от 2020-03-03 10:19:11

Тұтынушылар «Қазпошта» АҚ-ның бөлімшелерінде және банктерде қағаз шоттарын төлеу кезінде не алады?

Ответ

Төлем жасағаннан кейін барлық қағаз шот тұтынушыға беріледі. Банк төлем сомасын, күнін және уақытын қамтитын, жасаған төлем туралы мөртанба/ белгі қояды.

Вопрос от 2020-03-03 10:20:22

Жаңа нысанның үлгісін қайда қөруге болады?

Ответ

Жаңа шоттың үлгісін alseco.kz  сайтында, динамикалық (анимацияланған) өзгерістердің демо нұсқасы - https://www.alseco.kz/uploads/bill/kk/ сілтемелер бойынша көруге болады.

Вопрос от 2020-03-03 10:21:00

Қандай шоттар өзгерді, қағаз шоттар әлде электрондық?

Ответ

Өзгерістер АЛСЕКО мобилді қолданбадан немесе жеке кабинетінен басып шығаруға болатын қағаз шоттар мен шоттардың түпнұсқаларына қатысты. Интернет-банкинг жүйесінде көрсетілген шот (мысалы, kaspi.kz) өзгеріссіз қалады.

Вопрос от 2020-03-03 10:21:35

Өзгерістер қандай шоттарға қатысты: қала әлде облыс тұтынушыларына ма?

Ответ

Негізгі өзгерістер қалалық тұтынушылар үшін коммуналдық қызметтерді төлеу шотына жатады. Алматы облысында тұратын тұтынушылар үшін «АЛСЕКО» АҚ басып шығаратын коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған шотқа екі тармақ қосылды. Шоттың жоғарғы бөлігінде негізгі қызмет көрсетушілердің байланыс деректері және компаниялардың логотиптері көрсетілген; шоттың ең төменгі жолында жеке шоттың нөмірі, коммуналдық қызмет тұтынушының мекенжайы, шот қалыптастырылған кезеңі (айы/жылы), шоттың мөрленген күні және «АЛСЕКО»АҚ байланыс деректері көрсетілген. Коммуналдық қызметтерді төлеу үшін қайталанған жолдары бар шот түбіртектің екінші бөлігі әзірше өзгеріссіз қалады. Бұл банктердің облыстық бөлімшелері жасалған төлемдер бойынша деректерді электрондық мұрағаттауға көшу процесінде болуына байланысты.

Вопрос от 2020-03-03 10:22:02

АЛСЕКО сайтындағы жеке кабинетте және мобилді қолданбасында шот өзгере ме?

Ответ

Шоттың электронды нұсқасы өзгеріссіз қалады. Шот түпнұсқасын мобилді қолданбасынан немесе жеке кабинеттен сақтау және басып шығару кезінде жаңа үлгідегі шот берілетін болады.

Вопрос от 2020-03-03 10:22:53

Не үшін қызмет жеткізушілерден соншама ақпарат басылып шағарылады?

Ответ

Коммуналдық қызметтерді жеткізушілерден түскен хабарламалар тұтынушыларды алдын ала хабардар ету мақсатында шотта жарияланады. Олардын мерзімді төлеу мен қызмет көрсету мәселелері бойынша қосымша қолайсыздық пен түсініспеушілікті болдырмау үшін жеткізушілер мен тұтынушылар арасындағы міндеттемелерді орындауға қатысы бар.

Вопросы 1 - 10 из 10

Ответ на ваш вопрос будет опубликован в том случае, если является типичным, и будет интересен многим читателям.

Для оперативной связи с компанией позвоните на номер - 339-50-15 или отправьте свой вопрос на pr@alseco.kz

Кері байланыс