АЛСЕКО-ның Қазақстанның цифрлық трансформациясына қатысуы

10.11.2021
АЛСЕКО-ның Қазақстанның цифрлық трансформациясына қатысуы

2021 жылғы 27 қазанда DigitalBridge халықаралық технологиялық форумы өтті.

Форумда біздің мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық шешімдермен таныстырылды, оның ішінде біздің компания әзірлеушісі болып табылатын тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы электрондық ақпараттық ресурстарды орталықтандырылған жинау мен сақтаудың ақпараттық жүйесі ( «Е-Шаңырақ») туралы айтылды.

Жүйе бақылау және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын басқару үдерісін ақпараттық қолдаумен қамтамасыз етуге, оның ішінде озық ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жүйе субъектілері қызметінің жеделдігін, тиімділігін және ашықтығын арттыруға, олардың негізінде тұрғын үй қоры және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бойынша кешенді ақпаратты жедел қалыптастыруға арналған.

Бұл АЛСЕКО компаниясы іске асырып жатқан республикалық маңызы бар алғашқы жобасы емес, және  де біз Қазақстанның цифрлық трансформациясына үлесімізді қосып отырғанымызды мақтан етеміз.