Құттықтау және мереке күндерінің жұмыс кестесі

30.12.2021
Құттықтау және мереке күндерінің жұмыс кестесі

Сіздерді Жаңа 2022 жылмен шын жүректен құттықтаймыз!

Келер жыл біз үшін арманды жүзеге асыру жолындағы кезекті кезең болып, жаңа мүмкіншіліктер мен ашылулар әкелсін,

ал сіздердің қастарыңызда әрқашан сенімді серіктестеріңіз, әріптестеріңіз, жақындарыңыз бен достарыңыз болсын!

Сіздерге керемет жаңа жылдық көңіл-күй, зор денсаулық және отбасыларыңызға жақсылық пен  жылулық тілейміз!

Алдағы мерекелерге байланысты жұмыс  тәртібіне назар аударыңыз:

❄ 2021 жылдың 31 желтоқсанынан 2022 жылдың 4 қаңтарына дейін – демалыс күндері

❄ 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап – стандартты жұмыс тәртібі.

🔹Дербес шоттың нөмірі көрсетілген шоттарға қатысты жазбаша сұрау салуларды хат-хабарларға арналған жәшікте қалдыруға немесе pr@alseco.kz, info@alseco.kz электрондық мекенжайларына жіберуге болады.

🔹Сондай-ақ сіз alseco.kz сайтындағы кері байланыс нысанын пайдалана аласыз.

🔹Шоттың телнұсқасын www.alseco.kz сайтындағы «Жеке кабинеттен» немесе APPstore, Playmarket арқылы тегін жүктеп алуға болатын АЛСЕКО мобильді қосымшасынан алуға болады.

🔹Интернет-банкинг қызметін пайдалана отырып, шотты online режимде екінші деңгейдегі банктер арқылы төлеуге болады.

Ізгі ниетпен, «АЛСЕКО» АҚ компаниясы