Танымдық іс шараның алаңында жиналған 1000 студент пен 48 компания.

12.10.2022
Танымдық іс шараның алаңында жиналған 1000 студент пен 48 компания.

Біздің компания бос орындар жәрмеңкесіне тағы да бір рет белсене қатысты. Бұл жолы біз Алматы энергетика және байланыс университетінде болдық. Онда студенттермен жеке танысып, оларға АЛСЕКО-дағы жұмыс ерекшеліктері туралы айтып бердік және басқа компаниялармен тілдестік.

Біз үшін жастар оқу барысында өзін-өзі көрсетіп, жұмысқа орналасуға қабілетті болуы маңызды. Сондықтан біз жыл сайын осындай іс-шараларға қуана-қуана қатысамыз.

АЛСЕКО компаниясы талантты бастаушы мамандармен бірге жұмыс істеуге әрқашан қуанышты, сондықтан жәрмеңке барысында біз үміткерлерге одан әрі жұмысқа орналасу үшін QR-код бойынша тест тапсыруды ұсындық.

Біздің командамызға қосылғыңыз келсе, «Бос орындар» бөліміне кіріп, өзекті бос жұмыс орындарын қараңыз. Түйіндемеңізді hr@alseco.kz поштасына жіберіңіз.