Енді шотта тұрғындардың ТАӘ қысқартылған форматта көрсетіледі
26.05.2026Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша шоттардың электрондық форматына жоспарлы түрде көшуіне байланысты, «Коммуналдық қызметтердің тізбесін және коммуналдық қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 сәуірдегі №249 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 29.08.2025 жылғы №336 бұйрығының 20-тармағының 9-тармақшасына сәйкес, сондай-ақ көбінесе электрондық форматта, ал қағаз түрінде - тұтынушының келісімі болған кезде шоттарды ұсынуды көздейтін Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы «Алматы қаласында коммуналдық қызметтерді көрсету Қағидасын бекіту туралы» №4/637 Қаулысына жоспарланған өзгерістер енгізуді ескере отырып және шотты бірыңғай форматқа келтіру мақсатында, 2026 жылғы мамырдан бастап «АЛСЕКО» АҚ қалыптастыратын коммуналдық және өзге де қызметтерге ақы төлеу шоттарындағы тұрғындардың ТАӘ бірінші әріп және * символдар тегіндегі әріптердің санына сәйкес келетін сан бойынша қысқартылған форматта көрсетіледі.
Бұл ретте өзгерістер қызмет жеткізушілердің шотта көрсетілген қызметтер бойынша есептеу, төлеу және сәйкестендіру тәртібіне әсер етпейді. Барлық қызметтер туралы мәліметтер және төлемдер тарихы дербес шот нөмірі бойынша тұрғын үй-коммуналдық қызмет жеткізушілердің дерекқорында сақталады. Дербес шот нөмірлері қызмет жеткізушілердің дерекқорындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің негізгі сәйкестендіргіштері болып қалады.
Сонымен қатар, Қазақстанның басқа өңірлерінде (Қарағанды облысы, Түркістан облысы, Шымкент қаласы, Қызылорда облысы, Астана қаласы, Көкшетау қаласы, Абай облысы, Батыс Қазақстан облысы және т.б.) БЕО қалыптастыратын тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шоттарында тұрғындардың ТАӘ мүлдем көрсетілмейтінін немесе сондай-ақ қысқартылған форматта көрсетілетіні туралы атап өту қажет.
Шоттардың біріздендірілген форматына көшу электрондық сервистерді дамытуға және Қазақстан Республикасының қалалары мен өңірлерінде шоттарды қалыптастыруға бірыңғай тәсілді қолдануға бағытталған.
Сондай-ақ, Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындары шоттың телнұсқасын компанияның сайтынан https://bill.alseco.kz/ сілтемесі арқылы, өзінің дербес шотының нөмірін немесе мекенжайын көрсетіп, қосымша ақпаратты енгізбей ала алады.